Әлем

Қазақстандық ару футболдан әлем чемпионына тұрмысқа шықты

© PhotoҮйлену
Үйлену - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас жұбайлар былтыр желтоқсан айында отау құрған екен, алайда бұл жаңалық енді ғана белгілі болып отыр

АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Қазақстандық модель Анна Шарипова мен оның жігіті – Германия футбол құрамасы мен дортмундтық "Боруссия" ойыншысы Андре Шюррле үйленді.

Екі жас құпия түрде некелескен, деп хабарлайды Sports.kz.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Anna Sharypova (@sharypova_nna)

Жас жұбайлар былтыр желтоқсанда Германияда Шюррленің туған қаласында отау құрыпты. Алайда бұл сүйінші хабар халыққа енді ғана жетіп отыр.

Анна Шарипова соңғы айларда сол қолындағы саусағына таққан жүзігін суретін әлеуметтік желіде жиі жариялап жүрген еді, бірақ Германияда әдетте неке сақинасын оң қолға тағады, сол себепті оның күйеуге шыққанын ешкім білмей келген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Anna Sharypova (@sharypova_nna)

Модель аяғының ауыр екенін де хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Anna Sharypova (@sharypova_nna)

Анна Шарипова Қазақстанда дүниеге келген, қазір Берлинде тұрып оқиды әрі модель болып жұмыс істейді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Anna Sharypova (@sharypova_nna)

Андре Шюррле – футболдан ұлттық құраманың мүшесі, 2014 жылы әлем чемпионы атанған, сондай-ақ Еуро-2012 және Еуро-2016 турнирлеріне қатысты.

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуГермания ұлттық құрамасы - футболдан қазіргі әлем чемпионы
Қазақстандық ару футболдан әлем чемпионына тұрмысқа шықты - Sputnik Қазақстан
Германия ұлттық құрамасы - футболдан қазіргі әлем чемпионы
Жаңалықтар
0