22:44 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Ана мен бала

Қатты ауырып, комаға түскен әйел оянған кезде ана атанғанын білді

CC0 / StockSnap
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
1225 0 0

27 жастағы әйел жеті ай бойы жүкті екенін сезбеген

АСТАНА, 16 ақпан — Sputnik. Англияда тұратын 27 жастағы Лиза Дейви аяғы ауыр екенін сезбеген, ауруханада комадан оянған сәтте құшағындағы сәбиін көріп, ана атанғанын бір-ақ білді, деп жазады The Sun.

Іші қатты ауырып, құсып ауруханаға түскен Лизаны дәрігерлер бастапқыда уланып қалды деп ойлапты. Бірақ қарнының томпайып тұрғанын байқап, ішек инфекциясын жұқтырып, сепсис болып кетті ме деп зәре-құты қалмайды.

Науқасты шұғыл тексеруден өткізген ақ халатты абзал жандар әйелдің құрсағындағы нәрестені көріп аң-таң болған. Сөйтсе, Лиза жүктілікті жетініші айында жүр екен.

Жүкітілік кезінде болатын HELLP-синдромы асқынып, әйелдің жағдайы күн өткен сайын нашарлай береді. Ал Лизаның өзі ешқандай шешім қабылдауға шамасы келмеген, ол ауруханаға жатқан бойда комаға түсіпті.

Дерт сепсиске әкеп соққанда Лизаның кей ішкі органдарының қызметі бұзыла бастайды, сөйтіп дәрігерлер кесар тілігін жасауға мәжбүр болған. Нәресте мерзімінен бұрын өмірге келсе де, дені сау болып шықты.

Комадан оянған әйел ана атанғанын естіп, қатты таңғалған. Алайда бұл жаңалықты ерекше қуанышпен қабылдапты.

"Аяғым ауыр болағына сене алмаймын. Аптасына 80 сағат істеп, ауыр қораптар көтердім. Ешқандай белгілерін сезген жоқпын ғой!" – дейді жас босанған ана Лиза Дейви.

Қыз баланың есімін Лизаны күтіп баққан медбикенің құрметіне Даниелль деп атапты. Мұқият бақылауда ұстап, әбден емдеп жазған соң бақытты ана мен құшағындағы нәрестесін ауруханадан шығарды. Екеуі де өздерін жақсы сезінеді.

Кілт сөздер:
жүктілік, босану, кома, ана мен бала
Загрузка...

Басты тақырып