03:53 22 Наурыз 2019
Тікелей эфир
  • USD378.17
  • EUR429.11
  • RUB5.88
Ет

Балабақшадағы балалар есек етін жеп келгені әшкере болды  

© Foto: CC0 / Markus Hendrich
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
4043 0 0

Грузияның балабақшаларында қауіпті түскі асқа байланысты дау шықты

АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Грузияның кейбір мектептері мен балабақшаларында сиыр етінің орнына жылқы және есек еті берілген.  

Аджария, Имеретия және Гурия өңірлерінің балабақшалары мен мектептерінде балаларды жылқы және есек етімен тамақтандырған. Мұны сараптама нәтижесі растады, деп хабарлады "МИР 24" телеарнасы.

"Сынамалардан жылқы және есектің ДНҚ-сы табылды. Ал азық-түлікті тапсыру-қабылдау құжаттамасында сиыр еті деп көрсетілген. Бұл қылмыс. Жабдықтаушы компанияларға қатысты қылмыстық іс қозғауды талап ету керек", – деп мәлімдеді тәуелсіз сарапшы Теона Чхаидзе.

Мектепке дейінгі мекемелердің басшылары да жеткізілетін еттің сапасына күмәнданғанын жасырмады. Жабдықтаушылар зертхана сарапшылары беретін анықтамаларды тастамай кетуді жиілеткен көрінеді.  Грузияда есек және жылқы еті жарамды азық-түліктердің тізіміне кірмейді.

"Көптеген елде жылқы етін жейтініне қарамастан, Грузияда оны тұтыну мәдениеті қалыптаспаған. Ал есек етіне қатысты айтатын болсақ, тіпті ол жайында әңгіме де болмауы тиіс. Заңды бұзғандарға қомақты айыппұл салынады, тіпті ферманы жауып тастауы да мүмкін. Есек сүтінің емдік қасиеті бар, біз оны сатамыз, Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат берген", – деп атап өтті фермер Георгий Ломидзе.

Есек етінен самса жасап сатқандар ұсталды – видео

Мектептер мен балабақшаларға жалған сиыр етін жеткізген компаниялар сертификатынан айырылып, қызметін тоқтатты.

Құқық қорғау органдары зертханадан барлық материал алынғаннан кейін қылмыстық іс қозғалатынын мәлімдеді.  

Тақырып бойынша

Балалардың қарны аш: Оңтүстік Қазақстанда балабақшада шу шықты
Теміртауда екі жасар сәбиді тұншықтырған балабақша тәрбиешісі сотталды
Балабақша тәрбиешісі 6 жасар қыздың үстіне ыстық сорпа төгіп алды
Шымкентте екі жасар бүлдіршін балабақшада көз жұмды
Кілт сөздер:
ет, мектеп, балабақша
Загрузка...

Басты тақырып