22:46 20 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.87
  • EUR432.52
  • RUB6.11
Операция, архивтегі фото

Бір отбасындағы үш адам қатерлі ісіктен қорқып, асқазанын алдырып тастады

© Sputnik / Константин Чалабов
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
446 0 0

Анасы мен әпкесі қайтыс болғаннан кейін отбасы мүшелері өздерін онкологиялық аурудан қорғауға шешім қабылдаған

АСТАНА, 4 наурыз — Sputnik. Ұлыбританияда бір отбасының үш адамы тексерістен кейін асқазанды алып тастау отасын жасатты.

София Ахмед және оның інілері Тахир Хан мен Омар анасы мен әпкесі асқазан рагынан қайтыс болғаннан кейін операция жасатуға барады. Бұл туралы The Daily Mail хабарлады.

Дәрігерлер де аурудың алдын алу үшін асқазанды алып тастауға кеңес берген.  

Қыз мұндай шешім қабылдауға туыстарын өзі көндіргенін мойындады.

Оның айтуынша, 32 жастағы әпкесі қайтыс болғаннан кейін оның медицина картасынан қатерлі ісіктің бұл түрі тұқым қуалауы  мүмкін екенін оқыған.

Барлық үш ота да ағылшынның Уолсолл қаласында сәтті өтті.

София Ахмедтің айтуынша, ол "бұрынысынша ішіп-жеп, қалағанын істей алады".

Салмақты бақылауда ұстау және кейбір дәрумендердің жетіспеушілігі ғана қиындық тудырады екен. Операциядан кейін әйел жүкті болып, сау бала туған.  

Тақырып бойынша

Екі рет қайнаған су қатерлі ісікке шалдықтырады
Дәрігер қатерлі ісіктің негізгі жеті белгісін атады
Өскемендік дәрігерлер алғаш рет миға күрделі ота жасады
Қыздың кеудесінен 14 жылдан бері аяқ-қол өсіп жатыр – дәрігерлер операция жасамақ
Ғалымдар қатерлі ісіктің асқынып кетуіне жол бермеудің әдісін тапты
Кілт сөздер:
ота, қатерлі ісік
Загрузка...

Басты тақырып