13:51 24 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.01
  • EUR420.88
  • RUB5.84
У құйылған құты

Зауыт жұмысшысы жылдар бойы әріптестерінің тамағына у қосып келген

CC0 / Arek Socha
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
2585 0 0

Полиция 57 жастағы ер адамның жертөлесінен зертхана тапты. Сөйтсе, ол әріптестерінің тамағына сынап пен қорғасын қосылысын салып жүрген

АСТАНА, 11 наурыз — Sputnik. Германияда ер адам жылдар бойы әріптестерінің асына улы заттар қосып келген.

Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде 23 жастағы сынақ мерзімінен өтіп жүрген жұмысшы комаға түскен, ал тағы екі қызметкердің бүйрегі ауырады, деп хабарлайды The New York Times.

Сот Шлос-Хольте-Штукенброк қаласында әріптестерін улап жүрген ер адамды өмір бойына соттады. Оның қылмысы жәбірленуші қызметкер тамағынан қоңыр түсті затты байқап қалған кезде ашылған.

Бір жарым жылдан соң тағы бір қызметкер – 23 жастағы сынақ мерзімінен өтуші жұмысшы комаға түседі. Болған жайттан кейін бөлмеге бейне бақылау камерасын орнатыпты. 57 жастағы механиктің әріптестерінің сөмкесін ашып, тамаққа сынап пен қорғасынның улы қосылысын салып жатқаны видеоға түсіп қалған. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, ол үш жыл бойы арам пиғылын іске асырып келіпті.

Полиция ер адамның үйін тінтіп, жертөледен зертхана тауып алды. Психиатрдың сөзіне сүйенсек, сотталушының есі дұрыс, өз әрекетіне толыққанды жауап бере алады. Болжам бойынша, ер адам әртүрлі қосылыстардың адам ағзасына қалай әсер ететінін білгісі келген. Ол былтыр мамырда ұсталды.

Тергеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Оның зауытта жұмбақ жағдайда қаза тапқан қызметкерлердің өліміне қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Тақырып бойынша

Қырғызстан Қарағандыда киімнен у табылуына қатысты мәлімдеме жасады
Дәрінің орнына у. 28 жастағы әйел дәрігерлердің қатесінен комаға түсті
Кілт сөздер:
улы зат, сот, қылмыстық іс
Загрузка...

Басты тақырып