06:29 20 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.93
  • EUR423.00
  • RUB5.87
Банкомат

Қарақшы тонағалы жатқан қыздың сырын білгенде, жаны ашып, райынан қайтты - видео

© Sputnik / Владислав Воднев
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
680810

Банкоматтан ақшасын шешіп алғалы жатқан бойжеткен қарақшының құрбаны бола жаздады

АСТАНА, 15 наурыз — Sputnik. Жолында кезіккенді тонап, ақшасын иемденіп кете беретін қарақшы бұл жолы күнделікті "тірлігіне" өзгеріс енгізіпті, деп жазады ladbible.

Дәлірек айтсақ, Хэюань қаласының банктерінің біріндегі бейнебақылау камерасына өте сирек кездесетін қызықты жайт түсіп қалды. Ли есімді қыз банкоматтан ақшасын шешіп алып жатқанда, қарақшының құрбанына айналады. Жігіт бойжеткеннің арқасына пышақ тіреп, қаражатын тартып алмақ болған.

Үрейі ұшқан қытай қызы қолында бар 2500 юаньді (144 мың теңгедей) ұсынады. Қарақшы тағы да ақша шешіп беруін талап етіпті.

Сол кезде кенеттен күтпеген жайт болды. Тонаушы қыздың шотында қаражат қалмағанын білгенде, жаны ашып, тартып алған ақшасын қайтарып берген.

Соған қарамастан құқық қорғау органдары ұрының бұл "қайырымдылығын" ескермей, ізін суытпастан қолға түсірді.

Кілт сөздер:
видео, қыз, қарақшылық, ұры
Загрузка...

Басты тақырып