02:24 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Архивтегі фото

Қытайда жойқын жарылыс салдарынан жер сілкініп, 64 адам ажал құшты

© Sputnik / Евгений Биятов
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
1471 0 0

Жарылыстың қуатты болғаны соншалық, сейсмологтар жер сілкінісін тіркеген

АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясында химия зауытында жарылыс болып, 64 адам көз жұмды, тағы 28 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп мәлімдеді Яньчэн қаласының мэрі Цао Лубао. 

"Сенбі сағат 7:00-дегі мәлімет бойынша (Астана уақытымен 5:00) Цзянсу провинциясында химия зауытындағы жарылыстан 64 адам көз жұмды, тағы 28 адам із-түзсіз жоғалып кетті, қазіргі таңда 26 адамның кім екені анықталды", - деді шенеунік.  

21 адам хәл үстінде жатыр, тағы 73-інің жағдайы ауыр, деп жазды РИА Новости.

Цао Лубао зардап шеккен қалған 600-ден астам адамның жағдайына қатысты да түсініктеме берді.  

"Дәл қазір қолда бар  ақпарат бойынша қаладағы 16 ауруханаға 617 адам емделуге барған. Олардың 523-і жеңіл жарақат алған", - деген қала басшысы ауруханалардағы 143 адамды дәрігерлер бақылауға алғанын айта кетті.  

Жарылыс бейсенбі күні "Цзянсу Тяньцзяи" химия зауытында жергілікті уақыт бойына 14:00-де (Астана уақытымен 12:00) болды. Жарылыстың қуатты болғаны соншалық, сейсмологтар осы провинцияда 2,2 магнитудалы жер сілкінісін тіркеген.   

 

Тақырып бойынша

Қытайда пиротехника зауытында жарылыс болды
Қытайда екі метрлік жұмбақ жаратылыс жұрттың үрейін ұшырды
Қытайда химиялық зауытта жойқын жарылыс болып, ондаған адам өлді
Бір секундта күлге айналды – Қытайда алып көпірді жарып жіберді. Видео
Қытайда жарылыс болды: 19 адам қаза тауып, 12 адам зардап шеккен
Кілт сөздер:
Қытай, жарылыс
Загрузка...

Басты тақырып