Әлем

Кореяда қонақүйде мауқын басқысы келгендер бүкіл әлемге масқара болды

© Photo : ming daiАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отелдің ванналары мен жатын бөлмелерінде жасырын түсірілген видеолар желіге жарияланып кеткен  

АСТАНА, 23 наурыз — Sputnik. Оңтүстік Кореяда қонақүйге тоқтаған 500 мыңнан астам адам заңсыз онлайн-трансляцияның құрбаны болды, деп хабарлады CNN телеарнасы жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Видеокамералар теледидар приставкаларына, резеткілерге, шаш кептіргіштердің ұстағышына орналастырылған болып шықты. Жасырын түсірілген видеолар арнайы сайтқа жүктеліп отырған. Ол порталға 4 мыңнан аса адам тіркелген. Оның 97-сі 45 доллар көлеміндегі ай сайынғы жарнаны төлеп отырған. Ал қомақты ақша төлеуге әзір адамдарға видеоны тікелей эфирде тамашалауға мүмкіндік берген.

Шам - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Көкшетау тұрғыны жасырын камера орнатылған үстел шамын сатпақ болған
Қазір қылмыстық іске қатысы бар екі ер адам қамауға алынып, тағы екеуіне іздеу жарияланған. Қонақүй қызметкерлері бұл қылмыс жайлы ештеңе білмегені анықталды.

"Өткен жылы да қонақүйге жасырын камера қойылғаны туралы деректер тіркелген. Бірақ Интернет арқылы тікелей эфирде трансляцияланғанын бірінші рет көріп отырмыз", - дейді полициядағылар.

Камераға жасырын түсіріп алу – Оңтүстік Кореяда жиі кездесетін проблема. Көбіне қаскөйлер таспаны әйелдердің дәретханасына орнатып қояды екен. Оны кейін желіде отырған адамдар сатып алады.

2018 жылы он мыңдаған әйел Сеул көшесіне шығып, "Менің өмірім – сенің порнаң емес" деп ұрандатып, осы бір жаман әдетке наразылықтарын білдірген.

Алдында Оңтүстік Кореяда Song деген атпен танымал ірі порносайттың қожайыны 4 жылға түрмеге тоғытылған еді. Оның сайтында да осындай заңсыз видеолар жарияланған.

Жаңалықтар
0