18:42 11 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
482 0 0

Чед есімді жігіт сүйіктісінің бойынан қандай қасиет көргісі келетінін танысуға арналған қосымшада жариялаған

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Reddit пайдаланушылары талап қойғыш жігіттің жазбасын күлкіге айналдырды. Кейбірі мұны әзіл деп қабылдап отыр. 

Чед жағымсыз әдеті жоқ, дене бітімі келісті, спортпен шұғылданатын және бар бос уақытын сүйіктісіне арнайтын бойжеткенді іздеп жүрген көрінеді. Тұла бойында бір мін жоқ ару дәмді тамақ пісіріп, үйді таза ұстауы керек. Бастысы, оның жеке пәтері мен жылына 70 мың доллар (27 миллион теңгеге жуық) табысы болуы тиіс. Құрбыларымен бірге түнгі клубқа барудан бас тартқаны жөн.

"Егер сіз менің талабыма сай болсаңыз, хабарласыңыз. Бұдан басқаға келіспеймін!", - деп жазды танысуға арналған қосымша пайдаланушысы. Ол өз жазбасына фотосын да қосып жариялаған. 

Reddit пайдаланушылары өзіне тым сенімді жігіттің жазбасын күлкіге айналдырды. Қолданушылардың көбі мұндай қаражат табатын қыз сүйіктісіне қалай уақыт бөліп үлгереді деп аң-таң. Енді бірі Чед іздеген жарын табуы үшін өткенге оралуы тиіс деген ойда. Өзгелері Чедтің спортпен шұғылданатыны көрінбейді деп келемеждеді.

Тағы оқыңыз:  Үйлену тойы алдында жігіті тастап кетті

"Мұндай керемет дене бітімімен ол болашақ жарына аз талап қойды деп ойлаймын", - дейді пайдаланушылардың бірі. Оның әзілін жалғастырған келесі адам: "Менің де дене бітімім осындай мінсіз болса ғой", - деп жазған. 

Тақырып бойынша

Тойға шақырылған қонақтардан ақша талап еткен қалыңдық күйеусіз қалды
Нұрсұлтан Назарбаевтың аттасы отау құрды – үйлену тойы қалай өтті
Түркістанда туыстарын әбігерге салған қалыңдықтан жігіті бас тартты
Қалыңдықтың гүл шоғын қағып алған қыздың жігіті күтпеген қадамға барды – видео
Жас жұбайлар үйлену тойынан кейін үш минуттан соң ажырасып кетті   
Кілт сөздер:
сайттар, жігіт, талап, танысу
Загрузка...

Басты тақырып