14:54 24 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD377.18
  • EUR426.14
  • RUB5.98
Қонақ үй

Әйелдерге төсекте 60 күн жатып, 7 млн теңге алуға мүмкіндік беріліп отыр

© Sputnik / Елена Бережная
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
12192 0 0

NASA ғарыш агенттігі жаңа тәжірибені жүзеге асыру үшін еріктілерді жинауға кірісті

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. АҚШ-тың ғарышты зерттеуге маманданған агенттігі әйелдерді уақытша жұмысқа шақырып жатыр, деп хабарлайды Mirror басылымы.

Мұны кейбір азаматтар оңай жұмыс деп ойлауы мүмкін. Бірақ барлығы олар ойлағандай оңай емес.

Ақсақалдар
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Жаңа бағдарламаға қатысқысы келетін азаматтар 60 күн төсекте жатуы керек. Сол үшін агенттік оларға 18,4 мың доллар немесе 6 миллион 828 мың теңге көлемінде сыйақы береді.

Жаңа тәжірибенің негізгі мақсаты – салмақсыздықты зерттеу, әрі ұзақ уақыт көлденеңінен жату адамның денесіне қалай әсер ететінін анықтау.

Зерттеуге қатысатын азаматтар барлығын жатып істеуі керек. Мысалы, гигиеналық процедураларды орындаған сәтте осы талапты міндетті түрде орындауы шарт.

Олар күн сайын жарты сағатын арнайы центрифуга да өткізеді. Онда жасанды гравитациясы болады.

Сондай-ақ экспериментке қатысушылар үшін диетологтар командасы арнайы тамақтану мәзірін әзірлеп жатыр.

Мамандар тәжірибе аяқталғанға дейін қатысушылар артық салмақ қоспайды деп уәде беріп отыр.

Бүгінде NASA экспериментке қатысуға ниет білдірген 24 жастан 55 жасқа дейінгі азаматтарды іріктеп алуда.

Тәжірибе осы жылдың қыркүйек айында Германияның Кельн қаласындағы аэроғарыш орталығында жүзеге аса бастайды.

Бағдарламаға қатысу үшін аталған орталықтың сайтына өтініш қалдыру керек.

 

Тақырып бойынша

Айға екі рет ұшқан астронавт өмірден озды
19 жастағы алматылықтың өнертабысына Microsoft пен НАСА қызығушылық танытты
Жас ұлғайған сайын уақыт неге зымырай бастайды – ғалымдар зерттеуі
LIVE: NASA толған Айды тікелей эфирде көрсетіп жатыр
Кілт сөздер:
эксперимент, ғалымдар
Загрузка...

Басты тақырып