16:47 10 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.17
  • EUR494.07
  • RUB5.68
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
2934 0 0

"Бірінші арна" операторы Димашқа тіл тигізді деген шудан кейін әншінің фанклубы оқиғаның мән-жайын түсіндірді  

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір — Sputnik. "Бірінші арнадағы" "Не? Қайда? Қашан?" бағдарламасын түсіру кезінде телеоператорлардың бірі танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге тіл тигізгендей көрінген видео тыңдармандардың арасында қызу талқыға түсіп, біраз түсінбеушілікке себеп болды.   

Димаш танымал ойынның қатысушыларына арнап өзінің Mademoiselle Hyde әнін орындайды, оны композитор әрі продюсер Игорь Крутой роялмен сүйемелдейді. Осы кезде режиссер Саня деп атаған операторлардың бірі рациямен "Мына теке (козел) оған көлеңкесін түсіріп тұр" дейді.

Жұмыс процесіндегі осы дөкір сөзді естіген әншінің жанкүйерлері бұл сөз Игорь Крутойға көлеңкесін түсірген Димашқа қарата айтылды деп шулаған.

"Көңілім жайланар емес. Ол бағдарламаны қайталап көрдім. Иә, Димаштың көлеңкесі Игорьге түсіп тұр. Арнаға хат жіберу керек. Оператор бұл сөзі үшін жауап берсін", - деп жазды Gulnar B2 деген қолданушы.

"Әрине, бәрі жақсы өтті. Бірақ Димашты теке деуге бола ма? Қызметкерлеріңізді тәрибиелеңіздер. Сіздер миллиондаған адамның кумирін түсіріп жатырсыздар", - дейді Санкт-Петербург тұрғыны.

"Теке дегендеріңіз үшін жауап берулеріңіз керек!!! Біздің кумирге тіл тигізу шектен шыққандық!!!" – деп ашуланды желі қолданушысы Раушан Наханова.

Жұрт қатты дүрлігіп, операторды қатаң сынға алғаннан кейін Димаш Құдайбергеннің фанклубы осы видеоға қатысты шындықты айтуды жөн көріпті. Олардың сөзіне сүйенсек, әйгілі әншіге ешкім тіл тигізбеген.

"Операторлар арасында "козел" деген кәсбіи сленг камера орнатылған штативтің атауын білдіреді. Яғни "Тенит этот козел на него" (Мына теке оған көлеңкесін түсіріп тұр) деген жұрт ойлағандай тіл тигізу емес, "камера штативінің көлеңкесі әртіске түсіп тұр" деп айтқысы келгені. Яғни, жарықты дұрыс орналастырмағандықтан, көлеңке пайда болып, түсірілімді бүлдірген", - деп түсіндірді фанклуб өкілдері.

Сөз соңында Димаштың тыңдармандар клубы желі қолданушыларының қателескенін атап өтіп, БАҚ-та тараған арандатушы жаңалықтарға жанкүйерлердің назар аудармауын өтінді.

Тақырып бойынша

Димаш Құдайберген The World's Best шоуынан кейін тыңдармандарына үндеу жасады
Димаш "Жыл адамы" атанған Роза Рымбаеваны құттықтады
Мәскеуде Димашқа Медведевтің әйелі өз қолымен гүл сыйлады – видео
"Басы қатты болса..." Димаштың анасы концерт алдындағы келеңсіз жайтты еске алды
Өзімді Майкл Джексондай сезіндім – Димаш Құдайбергенмен эксклюзивті сұхбат
Кілт сөздер:
тіл тигізді, операторлар, Димаш Құдайберген
Загрузка...

Басты тақырып