Әлем

Елу адамның өмірін қиған қанды қырғынға қатысты тың мәлімет шықты

© REUTERS / SNPA/Martin Hunter Жаңа Зеландия
Жаңа Зеландия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа Зеландияда мешітке қарулы шабуыл жасаған террорист жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Жаңа Зеландияда мешітке қарулы шабуыл жасаған террорист психиатрға емделуге жіберілетін болды. 50 адамды өлтірген қандықол арнайы сараптамадан өтеді.

Жаңа Зеландиядағы теракт - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Мешіттегі қанды қырғын: желіде оқиға орнында түсірілген видеолар жарияланды
Екі тәуелсіз сарапшы оның ақыл- есінің дұрыстығын тест арқылы тексермек. Бұл іс бойынша кезекті сот отырысы 14 маусымға жоспарланған. Ал қаза тапқандардың туыстары тест жасауға мүлдем қарсы. Олар Брентон Таррант ақыл-есі кем деген желеумен жауапкершіліктен құтылып кете ме деп қауіптенеді. Бұл туралы "Астана" арнасы хабарлады.    

"Өздеріңіз қарап көріңіздерші, бұл тым ұзақ процесс. Оның бәріне қатысқым келмейді. Қандықол сотталсын, одан басқа ештеңе керек жоқ", - дейді атыста қаза тапқан Науда Наби қажының ұлы Йама Наби.

Еске салсақ, наурыз айының ортасында Крайстчерч қаласында екі бірдей мешітте адамдар оққа ұшты. 50 адам қаза тауып, 50 адам жарақаттанған. Жаңа Зеландия премьері Джасинда Ардерн болған жайтты теракт деп атады. Мұсылмандарды қырып салған 29 жастағы австралиялық Брентон Таррант кісі өлімі үшін айыпталды. Бұдан кейін Жаңа Зеландияда атыс қаруларын сатып алу ережелері күшейтілген.  

Жаңалықтар
0