Әлем

Араша түсті: піл мүйізтұмсық аулап жүрген браконьерді өлтірді  

© Sputnik / Дмитрий Коробейников / Медиабанкке өтуҰлттық парктегі пілдер, архивтегі фото
Ұлттық парктегі пілдер, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
 Ірі жануар табиғи паркке заңсыз кірген аңшыны таптап тастады

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. Оңтүстік Африка Республикасының "Крюгер" ұлттық паркінде мүйізтұмсық аулап жүрген браконьерлердің біріне піл шабуылдады. Бұл туралы Daily Mail басылымы жазды.

Жолы болмаған браконьердің серіктері пілдің шабуылдағанын көріп, парктен қашып шыққан.

​Кейінірек парк қызметкерлері қаза болған браконьердің денесін таба алмады. Парк қорықшыларының бірі, Дон Инглиш оқиға орнынан адамның бас сүйегі мен шалбар ғана тауып алған. Парктің қызметкері браконьерді арыстандар тартып әкеткен деп болжап отыр.

Паркке жақын маңдағы қалашықтың полициясы браконьерлерді ұстады. Оларға саябаққа заңсыз кірді, сондай-ақ заңсыз аңшылық жасады деген айып тағылуда.

Жаңалықтар
0