Әлем

"Құдай бізден сұрайды" Рим папасы Оңтүстік Судан басшыларының аяғын сүйді

© Sputnik / Сергей Мелконов / Медиабанкке өтуРим папасы
Рим папасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Рим папасы саяси көшбасшылардан елдегі қантөгісті тоқтатуды сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Ватиканда Рим папасы Франциск Оңтүстік Суданның саяси көшбасшыларымен кездесті, деп хабарлайды ANSA агенттігі.

Оңтүстік Суданның президенті Салва Киир мен 4 вице-президент католик шіркеуі басшысының шақыртуымен Ватиканға келген.

Понтифик басшылармен сөйлесіп болған соң, тізерлей отырып, олардың аяғын сүйді. Осылайша, Рим папасы Оңтүстік Судандағы қантөгісті бейбіт жолмен реттеуге шақырды.

"Құдай "өз халқына жол көрсетсін" деп бізге, саяси және діни көшбасшыларға ерекше міндетті жүктеді. Сондықтан мойнымыздағы жауапкершілік жоғары. Ертең бізден "халықтың игілігі мен бейбіт өмірі үшін не істедіңдер" деп сұрайды", - деді Франциск.

Рим папасы Франциск - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Рим папасын Астанаға шақырды

Сонымен қатар Рим папасы Оңтүстік Суданда тараптар арасындағы бейбітшілікті сақтау жөніндегі бітім күшінде қалып, саяси қарама-қайшылықтар өз шешімін табатынына үмітті екенін айтты.

Оңтүстік Судан саясаткерлері мамыр айында бейбіт жолмен үкіметті құруға сөз берді.

Кездесу барысында Франциск Оңтүстік Судан көшбасшыларына қиын жағдайға қарамастан халықпен бірген болуға кеңес берді.

Айта кетсек, Оңтүстік Судандағы динка халқымен мен нуэр тайпасы арасындағы жанжал 2013 жылы басталған. Азамат соғыс салдарынан 10 мыңнан астам адам қаза тапты.

2018 жылдың тамызында Оңтүстік Судан президенті Сальваторе Киир мен оппозиция көшбасшысы Риек Машар елдегі қарулы қақтығысты тоқтатып, өкілеттіліктерді бөліп алуға келіскен.

Оңтүстік Судан 2011 жылдың 9 шілдесінде Суданнан тәуелсіздігін алған.

Жаңалықтар
0