12:36 05 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD443.50
  • EUR479.47
  • RUB5.79
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
533410

Әуе апатынан екі адам көз жұмып, бесеуі жарақат алды

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Непал әуежайында ұшақ тікұшақпен соқтығысып, екі адам көз жұмды.

Қайғылы оқиға Непалдың шығысындағы Лукла қаласының маңында болған. Ұшақ ұшу-қону жолағында жақын жерде тұрған тікұшақпен соқтығысқан. Салдарынан ең кемі екі адам қаза тауып, тағы бесеуі зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости.

Билік өкілдерінің айтуынша, абырой болғанда апат кезінде ұшақта жолаушы болмаған.

Әуе кемелерінің неге соқтығысқаны хабарланбай отыр. Полиция тергеу жүргізуде.

Непалда әуежайды айнала қоршаған тауларға байланысты, тіпті, тәжірибелі ұшқыштар үшін де ұшу-қону жолағы ең қауіпті аймақ болып саналады.

Кілт сөздер:
әуежай, әуе апаты, ұшақ, тікұшақ
Загрузка...

Басты тақырып