Әлем

Жолаушылар ұшағы тікұшақпен соқтығысты: оқиғаның видеосы шықты

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуҰшақ, архивтегі сурет
Ұшақ, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Апат салдарынан кем дегенде үш адам көз жұмған

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Непалдың шығысындағы Лукла қаласының әуежайында болған апаттың видеосын PahiloPost басылымы жариялаған.

Ұшақ ұшу-қону жолағында жақын жерде тұрған тікұшақпен соқтығысқан болатын. Қазір ұшақ пилоты, технигі мен тікұшақ маңында болған полицейдің көз жұмғаны расталды.

Билік өкілдерінің айтуынша, абырой болғанда апат кезінде ұшақта жолаушы болмаған.

Тағы оқыңыз: Ең бай бизнесменнің бірі ұшақ апатынан көз жұмды

Непалда әуежайды айнала қоршаған тауларға байланысты, тіпті, тәжірибелі ұшқыштар үшін де ұшу-қону жолағы ең қауіпті аймақ болып саналады.

Жаңалықтар
0