Әлем

Періштесі қақты: бір жарым жасар сәби 6-қабаттан құлап кетті

© Photo : paolatinaБала терезеден қарап тұр, архивтегі сурет
Бала терезеден қарап тұр, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға АҚШ-тың Редмонд қаласында болған

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. АҚШ-тың Редмонд қаласында бір жарым жасар сәби алтыншы қабаттан құлап, аман қалды, деп хабарлайды KIRO телеарнасы.

Бала - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Он бес секунд ілініп тұрды" Астаналық құлаған баланы қалай қағып алғанын айтты

Полицейлердің айтуынша, анасы баласын бөлмеде жалғыз тастап кеткен. Терезе ашық қалыпты.

Бала көліктің үстіне құлап, ауыр жарақат алды. Дәрігерлер тиісті көмек көрсеткен. Қазір сәбидің жағдайы қалыпты.

Көлік иесінің айтуынша, баланың көрер жарағы болған. Өйткені ол дәл осы күні машинасын қалдырып, жұмысқа мотоциклмен барған.

Еске сала кетейік, сәуір айының басында қытайлық бүлдіршін 26-қабаттан құлап, аман қалған болатын. Ол гараж төбесіне құлап, мотоциклдердің үстіне түскен. Гараждың бақылау камерасындағы жазбада сәби шатырды бұзып түсіп, біраз уақыт жерде жатады да, кейін үсті-басын қағып, ата-анасын әрі қарай іздеп кетеді.

Жаңалықтар
0