02:58 25 Сәуір 2019
Тікелей эфир
  • USD378.56
  • EUR424.44
  • RUB5.91
жасөспірім қыз

Керіліп-созылмақшы болған бойжеткен ауыр дертке душар болды

CC0 / Arieth
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
5377 0 0

Қыз отбасында ешкім инсультпен ауырмағанын, салауатты өмір салтын ұстанғанын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір — Sputnik. Керіліп, басын шайқап, мойынын қытырлатып "үзбек" болған 23 жасар Лондон тұрғыны төсекке таңылды, деп жазды The Mirror.

Натали Куницки төсегінде кино көріп жатқан. Бір уақытта ұйықтар алдында орнынан тұрып, аяқ-қолын созып, керіліп алмақшы болады. Мойнын қытырлатқанда қатты дыбыс та шығады. Бірақ қыз оған онша мән бермеген. Төсекке жатып, біраз уақыттан кейін қозғалайын десе сол аяғы жансызданып қалғанын байқайды. Қыз бірден жедел жәрдемге телефон соққан. Дәрігерлер оның арқадағы қан тамырына зақым келгенін анықтаған. Ал ол мидағы қанның ұюына әкеліп, инсульт тудырған.

Хирургтар ота жасап, жарылған қан тамырды қалпына келтіруге тырысқан. Бірақ ұйыған тромбты жоя алмаған. Салдарынан қыздың сол жағы істемей қалды.

Оңалту ем-дом шараларын қабылдаған қыздың денсаулығы қазір бірте-бірте жақсарып келеді. Өздігінен киініп, 5 минуттай жүріп-тұра алатын халге жеткен.

"Мен темекі шекпеймін, арақ ішпеймін, отбасымда ешкім инсультпен ауырмаған. Сондықтан бұл мен үшін мүлде түсініксіз жайт. Жай ғана төсекте жатып, осылай болып қалам деп кім ойлаған", - дейді іштей күйінген Натали.

Тақырып бойынша

Досқалиев: Жақыныңның қиналып өлгенін көргеннен жаман нәрсе жоқ
Екі дүркін Қазақстан чемпионы неден көз жұмғаны белгілі болды
Абайсызда басына шеге қағып алған ер адам тірі қалды
Кілт сөздер:
инсульт, Ұлыбритания, жарақат
Загрузка...

Басты тақырып