23:05 17 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Жарылыс болған шіркеу

Шри-Ланкада алты рет жойқын жарылыс болды - оқиғадан кейінгі жантүршігерлік видео

© REUTERS / DINUKA LIYANAWATTE
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
4183 0 0

Шри-Ланкада Пасха мейрамын тойлау кезінде жантүршігерлік жарылыстар болды

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Шри-Ланкадағы жойқын жарылыстар салдарынан 42 адам қаза тауып, кем дегенде 280 адам зардап шекті, деп хабарлайды AFP агенттігі.

Бұған дейін 20 адам ажал құшып, 80 адамның зардап шеккені туралы айтылған еді.

Оқиға куәгерлері шіркеулердің бірінде болған жарылыстан кейінгі видеоны желіде жариялады. Кадрларда ғимараттың қираған бөліктері мен жиһаз қалдықтары көрінеді, шіркеуде полицейлер мен құтқарушылар қызмет етіп жатыр.

Шри-Ланкадағы жойқын жарылыстар

21 сәуір күні таңертең Шри-Ланка аралында алты жойқын жарылыс болды. Олардың үшеуі католиктік Пасха мейрамын тойлап жатқан шіркеулерде болған. Соборлардың бірі Шри-Ланканың астанасы Коломбо қаласында орналасқан, тағы екеуі – қаладан тысқары аумақта.

Шри-Ланкада болған жарылыстардың кадрлары - қорқынышты фото

Сонымен қатар, тағы үш қымбат қонақ үйде теракт болды.

Кілт сөздер:
видео, теракт, жарылыс
Загрузка...

Басты тақырып