Әлем

Украинадағы президент сайлауы: соңғы әрі нақты қорытынды қашан шығады?

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуДауыс санау
Дауыс санау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орталық сайлау комиссиясы қағаз және электронды бюллетеньдерді әлі санап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір — Sputnik. Президент сайлауында жеңіске жеткен кандидаттың есімін Украинаның орталық сайлау комиссиясы 30 сәуірде ресми жариялайды.

Украинаның президент сайлауында Зеленский жеңіске жетті - exit-poll

Бұл туралы комиссия төрағасының орынбасары Евгений Радченко мәлімдеді. Оның сөзіне сүйенсек, келесі жексенбіде тойланатын Пасха мейрамы құқық бұзушылықтарға қатысты сот арыздары туралы мәлімет алуға кедергі келтіруі мүмкін.

"Пасха украиндықтар үшін ұлы мейрамдардың бірі, сондықтан сот органдарынан ешқандай арыз түспегені туралы мәлімет ала алмай қаламыз ба деп қорқамыз. Біз нәтижелерді шамамен 30 сәуірде анықтап, жариялай аламыз", - деді ол.

Сонымен қатар, ол атап өткендей, электронды хаттамаларды санау екі-үш күнде бітеді, сол кезде сайлаудың бастапқы қорытындысы шығады.

Украинадағы президент сайлауы

Жексенбі 21 сәуірде Украинаның президент сайлауының екінші туры болды. Екінші турға Владимир Зеленский мен қазіргі мемлекеттік басшы Петр Порошенко өткен болатын.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, бюллетеньдердің 70%-ін санаған соң, сайлауда шоумен Владимир Зеленский көш бастап келеді, ол дауыстардың 73%-ін жинаған. Порошенко жеңілісін мойындап та үлгерді.

Зеленский президент ретінде алға қойған бірінші мақсатын айтты

Жаңалықтар
0