08:03 19 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Жүкті әйел

Жол апаты болашақ ана мен іштегі нәрестесін ажалдан құтқарды

CC0
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
1330 0 0

Жол апатына түскен жүкті әйел қауіпті ауруға шалдыққанын білді

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір — Sputnik. Англия тұрғыны Хлои Грант құрсағындағы сәбиінің өмірін құтқарып қалды. Жол апатына түскен аяғы ауыр әйелді дәрігерлер қарап, аса қауіпті ауруға шалдыққанын анықтаған, деп жазады Гейтсхед қалалық басылымы Evening Chronicle.

Хлои Грант жүктілігінің алтыншы айында жеңіл-желпі жол апатына ұшырайды. Құрсағындағы нәрестесі үшін уайымдаған әйел ауруханаға барғанда, дәрігерлер болашақ ананың қауіпті дерт – преэклампсияға шалдыққанын анықтаған.

Әйел "мас" сәбиді өмірге әкелді

Дәрігерлердің айтуынша, бұл ауру жүкті әйелдердің алты процентінде кезігеді. Және жүктіліктің 20-шы аптасында біліне бастайды.

Нәресте ажалдан аман қалды

Мамандар өзара кеңесіп, әйелге шұғыл кесар тілігін жасап, Амелией Роуз есімді қыз дүниеге келді. Мерзімінен бұрын жарық дүние есігін ашқандықтан, бөбектің салмағы небәрі 700 грамм болған, деп жазады басылым.

26-қабаттан құлаған бүлдіршін аман қалды - таңғажайып видео

Ал қазір жаңа туған сәбидің әкесі Джек Фаррелден бақытты жан жоқ. Оның айтуынша, көлігіне "болар-болмас сызат" түскен апаттың арқасында әйелі мен қызы аман қалды.

Кілт сөздер:
қауіпті ауру, жүкті әйел, құтқару, ажал, нәресте, ана, жол апаты
Загрузка...

Басты тақырып