Әлем

Макгрегор өзінің жүру мәнерін салған қазақ баласына жауап қайтарды  

© AP Photo / John LocherКонор Макгрегор
Конор Макгрегор - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бала ирландиялық спортшының танымал жүру мәнерін айнытпай қайталаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор Instagram-дағы парақшасында өзінің танымал жүру мәнерін салған қазақстандық тхэквондошының видеосын жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Conor McGregor Official (@thenotoriousmma)

 Жас спортшы турнирлердің бірінде ирландиялықтың стилінде кілемді толық айналып шыққан.  

"О, жасаған! Мына бала миллиардтаған доллар тұрса керек", - деп жазды видеороликке ирландиялық спортшы.

Айта кету керек, жазбаны 3,3 миллионнан астам адам көрді.  

Қарсыласын жеңген бала өзін Макгрегор сияқты сезінді – видео  

Бұған дейін ирландиялықтың жүрісін Қызылорда облысы Қазалы ауданының жас балуаны қайталаған еді.

Отыз үш жастағы аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор спорттық карьерасында 21 рет жеңіске жетіп, 4 рет жеңілген. Ирландиялық ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жектен кейін әлі рингке шыққан жоқ.

  

Жаңалықтар
0