Әлем

Италияда 427 теңгеге баспана сатып алуға болады

© Public DomainИталия, архивтегі фото
Италия, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Муссомели қаласында жүздеген ескі үй сатуға қойылған

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Италияда су тегін үйлер сатылып жатыр. The Sun басылымы олардың 1 еуро тұратынын жазды. Бұл біздің валютамен небары 427 теңге.

Қазақстанда кімдерге баспана тегін беріледі?

Сицилияның оңтүстігіндегі Муссомели қаласында жүздеген ескі үй сатуға қойылған. Есесіне пәтердің жаңа қожайыны жыл ішінде күрделі жөндеу жүргізуге міндетті. Оның құны шаршы метріне 95 еуроны құрайды. Тіпті жергілікті билік архитектор, инженерлерді тауып, көмек көрсетуге дайын, деп хабарлады astanatv.kz.

Зейнеткерлер мен оралмандар тегін баспана алушылар тізімінен алынып тасталады

Келешекте тағы 400-ден аса тұрғын үй сатылуы мүмкін. Қаңтарда Самбука-ди-Сицилияда да ғимараттар жаппай сатылған. Мұнда ондаған тарихи нысан 1 еуродан берілген еді. Осылайша билік үлкен қалаға асығатын халықты елді мекенге тартып, шаһарлар әлеуетін арттырмақ ниетте. 

Жаңалықтар
0