Әлем

Әйелі тастап кеткен жігіт адам танымастай өзгерді - фото

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуЕр адам
Ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жары тастап кеткен соң қатты қайғырған жігіт өз өмірін қолға алып, керемет жетістіктерге жеткен

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. Жапониялық жігіт өзінің әлеуметтік желідегі парақшасындағы оқырмандарын өміріндегі оң өзгерістермен қуантуда. Оны бірнеше жыл бұрын әйелі тастап кеткен. Жігіт күйзеліске ұшырап, шашы түсіпті. Оның үстіне артық салмақ жинай бастаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от しらぴょん (@shirapyong66)

Алайда ол жараланған жүрегін емдемек болып, спортқа қайта оралыпты. Бодибилдингпен айналысып, адам танымастай өзгерген, деп хабарлайды Bored Panda. Жігіт біртіндеп салмағын азайтыпты. Барлығы он екі келі жоғалтқан. Бұлшықеттері өскен сайын өзіне деген сенімділігі де арта түсіпті.  

"Мен осыдан бес жыл бұрын ажырастым. Күйзеліске ұшырап, ішімдікке салына бастадым. Бірақ жастық шағымда бодибилдингпен айналысқым келгені есіме түсті. Жарыстарға қатысуды армандаған болатынмын", - деп жазады ол.

Тағы оқыңыз: Денедегі артық май қайдан пайда болады? 

Сол кезден бері жапондықтың өмірі түбегейлі өзгерген екен. Ол байқауларда жеңіске жете бастапты. Жеке өмірінде де жағымды жаңалық жоқ емес. Ол байқау кезінде модель қыздардың бірімен танысқан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от しらぴょん (@shirapyong66)

"Менің өмірім өзгелерге үлгі болса деймін. Өмір сыйлаған мүмкіндікті қалт жібермей, өзгеруге тырысыңыз", - дейді жапониялық жігіт. 

Жаңалықтар
0