20:38 16 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD384.05
  • EUR432.79
  • RUB5.96
Ер адам басын ұстап отыр

Көзін жұмып жата қойған: Алименттен қашқан әке қабірдің ішінен табылды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
1272410

Борышкер әке зиратта жұмыс істейтін болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Астрахан облысының тұрғыны алимент төлемеу үшін қабірге жасырынып қалған. Ер адамның қарызы 200 мың рубльден асыпты.

Ұзақ уақыт алименттен қашқан ер адамға іздеу жарияланған. Сот приставы борышкер әкенің зиратта жұмыс істейтінін анықтап, жұмыс орнына барады.

Астаналық судья ажырасуға келген ерлі-зайыптының аянышты тағдыры жайлы айтып берді

Алыстан сот приставын көрген ер адам ұзақ ойланбай, қазылған қабірге көзін жұмып жата қойған. Бірақ, аты-жөнін атап шақырғаннан кейін, "өмірге қайта оралыпты". Кейін ол өзінің бұл әрекетін түсіндіруге мәжбүр болды.

Қостанайлық қыз әкесін сотқа сүйреді

Ер адамның үстінен "Балаларды немесе еңбекке қабілетсіз ата-ананы асырауға ақша төлемеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости.

Кілт сөздер:
қарыз, әке, алимент
Загрузка...

Басты тақырып