10:45 21 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.91
  • EUR428.81
  • RUB5.79
Дзержинсктегі жарылыс

Ресей зауытындағы жарылыс: зардап шеккендер саны 89 адамға жетті

© Foto: "Типичный Дзержинск" во ВКонтакте
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
184 0 0

Төтенше оқиға салдарынан 450-ден аса ғимарат бүлінген

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Ресейдің Дзержинск қаласында зауыттағы жарылыстардан зардап шеккендер саны 89 адамға жетті, деп хабарлайды РИА Новости өңір үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зардап шеккендердің 44-і – зауыт қызметкерлері, 45-і – іргелес аумақтың тұрғындары.

16 адам стационарда жатыр: біреуі ауыр халде, қалған 15 пациенттің беті бері қарап келеді, деп мәлімдеді өңір басшысы Глеб Никитин.

Шұғыл қызмет өкілі жарылыс салдарынан 450-ден астам ғимаратқа, соның ішіде 32 мектеп пен 55 балабақшаға зиян келгенін атап өтті.

Ресейде бірнеше жарылыс болды – видео

Айта кетсек, кеше Дзержинск қаласында тротил өндіретін цехта үш жарылыс болды. ТЖМ мәліметінше, жарылыс соңы өртке ұласып, 100 шаршы метр аумақты шарпыған.

Қаза болғандар туралы ақпарат жоқ.

Тергеу комитеті "Өндірістік нысандардың өнеркәсіптік қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Кілт сөздер:
зардап шеккендер, зауыт, жарылыс, Ресей
Загрузка...

Басты тақырып