05:25 18 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD383.43
  • EUR429.83
  • RUB5.96
Рианна

Әлемдегі ең бай музыкант әйелдің аты аталды

© AFP 2019 / Theo Wargo
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
48710

Әншінің дәулеті 600 миллион долларға бағаланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым — Sputnik. Музыка әлеміндегі ең бай әйелдер рейтингінде әнші Рианна бірінші орынды иеленді. Бұл туралы Forbes хабарлады.

Басылымның мәліметінше, әншінің дәулеті 600 миллион долларға бағаланып отыр. Рианна 570 миллион доллары бар Мадоннаны, 450 миллион доллар тапқан Селин Дион мен 400 миллион доллар кіріс келтірген Бейонсені басып озды.

Тағы оқыңыз: Әлемде байлығы асып-тасыған миллиардерлер кімдер? 

Сонымен бірге басылым бұл ақшаның негізгі бөлігі музыкамен емес, LVMH Moet Hennessy Louis Vuitton тобының компанияларымен серіктестік жасаумен байланысты екенін атап өтті.  LVMH Рианнамен бірге Fenty Beauty косметика брендін құрды.

Fenty Beauty алғашқы бірнеше аптаның ішінде сату көлемін 100 миллион долларға ұлғайтты, бұған Рианнаның танымалдылығы мен Instagram-дағы 71 миллион жазылушысы көмектесті.  

Тақырып бойынша

Ең бай бизнесмендердің бірі ұшақ апатынан көз жұмды
"Тал бойында бір мін жоқ": әлемнің ең бай модельдері - фото
Қазақстандық олигархтар Лондондағы пәтерлерін сатып жатыр: байлар неден қашты?
Бай мемлекетте кедейлер болмау керек – кандидаттардың сайлауалды бағдарламасы
Қазақстандағы ең бай 5 адам кім?
Кілт сөздер:
байлық, музыка
Загрузка...

Басты тақырып