01:47 24 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.96
  • EUR423.78
  • RUB6.03
Иллюстративті фото

Тоғыз жасар қыз мінген лифт 19-қабаттан құлап кетті – видео

CC0 / Kai Sender
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
161 0 0

Оқыс оқиға 28 мамырда Қытайдың Гуандун қаласында болған

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Қытайда бұзылған лифт 19-қабаттан құлап кетті. Оның ішінде 9 жас қыз болған, деп хабарлайды РИА Новости.

Тағы оқыңыз: Атырауда 22 жастағы қыз лифт шахтасына құлап кетті

Басылымның мәліметінше, оқушы мектептен үйіне келіп, лифтіге мінген. 19-қабаттан бір адам түскен соң, 9 жастағы қыз жалғыз қалған. Кенет лифт жоғары жылдамдықпен төмен қарай құлдилаған. Қыз абдырап қалмай, панельдегі барлық қабаттың нөмірін басып шығыпты. Алайда кабинадағы индикатор ештеңе көрсетпеген. Осыдан соң лифт бірінші қабатқа тоқтап, қыз аман-есен сыртқа шыққан.

Оқушы оқыс жағдайда қалай әрекет етуді үйрететін курсқа қатысқаны белгілі болды.

Жергілікті тұрғындар журналистерге осыған ұқсас оқиға мамыр айында болғанын айтқан. Ол кезде лифт 11-қабаттан құлап, 8-қабатқа тоқтаған. Ондағы тұрғындар 20 минут көмек күтуге мәжбүр болыпты.

Тағы оқыңыз: Ақтөбеде лифт ішінде өлген тележүргізушінің ісіне қатысты сот үкімі шықты

9 жастағы қыз мінген лифтінің төменге құлауы жергілікті биліктің назарын аударды. Олар тергеуді бастады.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға ғимараттағы өртке қарсы қызмет жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі себеп болуы мүмкін.

Тақырып бойынша

Шымкентте лифтінің ішінде әйелді қатыгездікпен өлтіріп кетті
"Тәлтіректеп әрең тұр" Алматыда лифтіде болған трагедияның мән-жайы анықталды
Лифтіде би билеген ұры жұртты күлдірді - видео
Екібастұздағы лифтіде педофил қаршадай қызды зорламақ болды
Ақтөбедегі лифтіде жаншылып өлген тележүргізуші ісі: сотта жаңа деректер шықты
Кілт сөздер:
оқушы қыз, лифт
Загрузка...

Басты тақырып