17:47 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Жігіт пен қыз

"Сабақ болсын дедім": жігіт қалыңдығының үстіне бензин құйып, өртеп жіберді - видео

CC0 / freestocks-photos
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
876510

Кейбір оқиға куәгерлері қызды құтқарудың орнына видеоға түсіріп тұрған

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Украинаның Бабурка ауылына жақын жерде 2 шілдеде жантүршігерлік оқиға болды. 28 жастағы жігіт 22 жастағы ғашығына бензин шашып, жұрттың көзінше өртеп жіберген.

Оқиға куәгерлері қызға көмекке ұмтылса, кейбірі оны видеоға түсіріп әлек болды. Бойжектеннің денесінің 90%-і күйіп, ауруханаға жеткізілді. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр, деп жазады ТСН.

Зардап шеккен қыздың әлеуметтік желідегі парақшасына қарасаң, бұл қорқынышты жайтқа мүлдем сенгің келмейді. Бойжеткен жігітіне шын ғашық.

Тағы оқыңыз: Қаратауда 8 жасар қызды өртеп жіберген кім?

"Оның әр бөлшегін жақсы көруге дайынмын, ол маған күнделікті бақыт сыйлағандай, мен де оған бақыт сыйлағым келеді", - деп жазады ол.

Қыздың айтуынша, жігіті танысқаннан кейін келесі күні сөз салыпты, ал арада бір-екі ай өткенде ата-анасына барып, үйленуге рұқсат сұраған екен.

Бірақ қызғаныш салдарынан екі жастың арасында кикілжің пайда болады. Қыздың құрбылары айтқандай, жігіті бойжеткенді қатты қызғанып, әр басқан қадамын аңдиды екен.

Ер адам сотта жылап, кешірім сұрап, кінәсін мойындамай,  "сабақ болсын дегенмін" деп ақталды. Оның үстінен "Адам өміріне қастандық жасау" бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Тағы оқыңыз: Отағасы әйелінің туған күнінде өз-өзін өртеп жіберді

"Ешкімді өртегім келген жоқ. Қорқытып, ара қатынасымызды нығайтқым келді. Қасымда тұрған еді. Темекі тұтатпақ болдым. Екеуіміз де жана бастадық. Жейдемді шешіп, оны сөндіруге тырыстым", - дейді жігіт.

 

Тақырып бойынша

Жасөспірімдер үстілерінен шағымданған 5-сынып оқушысын өртеп жіберді
Әйеліне ерегіскен ер адам төрт жасар баласын тірідей өртеп жіберді
Батыс Қазақстандағы жантүршігерлік қылмыс: ер адам үш ауылдасын өлтіріп, өртеп жіберген
Әйел адам телефонының паролін бермегені үшін күйеуін тірідей өртеп жіберді
Қаратауда жантүршігерлік оқиға: белгісіз біреулер баланы өртеп кетті
Ауыл тұрғыны өзімен бірге екі баласын өртеп жіберді
Кілт сөздер:
видео, өртеу, қалыңдық, жігіт
Загрузка...

Басты тақырып