15:45 14 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD411.66
  • EUR465.92
  • RUB5.81
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
483 0 0

Ондаған адам стихиялық наразылық акциясына шығып, Ресей президенті мен оның қайтыс болған ата-анасы туралы боғауыз сөз айтқан тележүргізушіні жазалауды талап етті  

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде — Sputnik. "Рустави 2" грузин телеарнасының жүргізушісі тікелей эфирде боғауыз сөз қолданып, Ресей президенті Владимир Путинге тіл тигізді. Журналистің қылығына ашуланған азаматтар телекомпания ғимаратының алдында митинг өткізді. Арна хабар таратуды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Sputnik Грузия.

"Рустави 2" арнасында жүргізуші не айтты?

Тележүргізуші Георгий Габуния "Постскриптум" бағдарламасының жексенбілік эфирінде бір жарым минут бойы Ресей президенті Владимир Путинге тіл тигізді. Габуния сондай-ақ Ресей басшысының қайтыс болған ата-анасына қарата былапыт сөз айтқан.

Тағы оқыңыз: Ішкі істер министрлігі 6 шілдедегі митинг кезінде қару табылғанын мәлімдеді

Грузия билігі "Рустави 2" эфирі арандатуға жол бергенін және елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға әрекет жасағанын мәлімдеді.

"Телекомпаниялардың бірінің жүргізушісі көрші мемлекет басшысына қарата арандату және тіл тигізетін терминдерді қолдануын айыптаймын... Ол Грузия үшін тиімсіз нәрсе жасады. Бұл Грузияның мүдделеріне зиян тигізеді", - деді Грузия президенті Саломе Зурабишвили.

Грузия Сыртқы істер министрлігі мұны Ресей-Грузия қарым-қатынасындағы онсыз да күрделі жағдайды шиеленістіруге бағытталған арандатушылық әрекет болғанын жеткізді.

Телеарнаның реакциясы

Оппозициялық телеарнаның директоры Ника Гварамия "Рустави 2" телеарнасының қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейінше арна хабар таратуды тоқтататынын мәлімдеді. Ол Владимир Путинді жәбірлеген жүргізуші шектен шығып кеткенін мойындады.   

"Әр нәрсенің тәртібі, шегі, талғам мен өлшем деген нәрсе болады. ...Арна Габуния мырзаның пікір білдіру үлгісімен мүлде келіспейді және бұл аудиторияға да, арнаның жоғары стандарттарына да сәйкес келмейді деп санайды", - деді Гварамия.

Грузия "Рустави 2" арнасынсыз қалды

8 шілдеге қараған түні "Рустави 2" телекомпаниясы ғимаратының алдында стихиялық митинг басталды. Жиналғандар жексенбілік эфирге наразылығын білдірді. Ондаған адам – бұрынғы билеуші ​​партия "Біртұтас ұлттық қозғалыстың" қарсыластары биліктен телеарнаны жабуға дейін шұғыл шаралар қолдануды талап етті.

Наразылық акциясы дүйсенбіде де жалғасады деп болжанып отыр.  

Тақырып бойынша

"Арандатуға жол жоқ!": алматылықтар тағы да митингіге шықты
Алматыда заңсыз митингіге дайындалған адамдар ұсталды
"Бар шындықты айтамыз": елорда мен Алматыда рұқсат етілген митинг өтті
Тбилисиде наразы халық көшеге шықты - видео
Грузия президенті ресейлік туристер ағынын сақтап қалу қажеттігін айтты
Кілт сөздер:
Владимир Путин, митинг, Грузия
Загрузка...

Басты тақырып