Әлем

Ресей Сирия үкіметінің Идлибтегі атысты тоқтату туралы шешімін құптады

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуИдлиб провинциясындағы Әбу-Духур гуманитарлық дәлізі
Идлиб провинциясындағы Әбу-Духур гуманитарлық дәлізі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Идлиб аймағы содырлар үшін "тыныштық" аймағына айналуына жол беруге болмайды, деді Ресей президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Ресей Сирия үкіметінің Идлибте бітімге келу туралы шешімін құптайды, деді келіссөздердің бірінші күнінің қорытындысы бойынша Ресей президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев.

 Нұр-Сұлтанда үшжақты кездесу өтіп жатқанда, Сирия телевидениесі жұма күні таңертеңнен бастап Идлибте атыс тоқтағаны туралы жариялады. Егер Сочи келісімі орындалса және содырлар демилитаризацияланған аймақтан 20 шақырым қашықтыққа кетсе, ауыр артиллерия да ол жерден шығарылады.

"Атысты тоқтату немесе бітімгершілікті уақытша енгізу туралы нақты мәселе мұндай жолмен талқыланбады, бірақ Идлиб деэскалация аймағындағы жағдайды тұрақтандыру және онда қалған террористік ұйымдарға қарсы күресті жалғастыру және ұстамды оппозицияны ынталандыру және бақылау орнату шараларын әзірлеу жайы талқыланды. Біз Сирия үкіметінің бітімге келу шешімін құптаймыз", - деп мәлімдеді Ресей президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев.

Оның айтуынша, бұл аумақтың 90% -ын террористік ұйымдар бақылап отыр, олардың үкіметтік күштерге қарсы арандатушылық әрекеттерді тоқтатуы екіталай.  

"Егер солай болса, жағдайдың одан әрі дамуын бақылаймыз. Біз, әрине, бұл аймақты террористік ұйымдар нысанаға алып, 3 миллионнан астам бейбіт тұрғынды кепілде ұстайтын "тыныштық " аймағына айналдыруға жол бере алмаймыз", - деп атап өтті Лаврентьев.

Астана процесіне қатысушылардың екіжақты кездесулері бейсенбіде Нұр-Сұлтанда Сирия бойынша келіссөздер аясында басталды. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанның астанасына барлық қатысушы келді.

Жаңалықтар
0