Әлем

Ер адам бұрынғы әйелін отбасымен бірге қырып салды: оқиғаның мән-жайы

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуАрхивное фото вооруженного мужчины
Архивное фото вооруженного мужчины  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жантүршігерлік оқиға салдарынан жеті айлық сәби ғана тірі қалған. Ол ауруханада жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Хорватия астанасы Загреб қаласында ер адам қызғаныштан алты адамды атып өлтірді, деп хабарлайды РИА Новости.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қаскөй бірден ізін суытқан.

Мұндай қылмысты бұрынғы әйелін қызғанған тұрғын жасады. Ол әйелмен бірге оның сүйіктісі мен төрт баласын өлтірді. 

Тағы оқыңыз: Қызғаншақ еркек әйелін аңдимын деп ел-жұртқа масқара болды

Загреб көшелерінде полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ресми емес мәліметке сәйкес, қайтыс болғандардың төртеуі – бала, тек жеті айлық сәби ғана аман қалған. Ол түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.

Жаңалықтар
0