08:57 12 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.99
  • EUR492.68
  • RUB5.74
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
1703030

Аспан асты еліне "Лекима" жойқын тайфуны жақындап келеді

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз — Sputnik. "Лекима" супертайфунының жақындауына байланысты Қытайдың орталық метеорологиялық қызметі дабылдың қызыл деңгейін жариялады, деп хабарлайды РИА Новости.

Жұма күні таң атқан кезде тайфун Қытайдың Чжэцзян провинциясының жағалауынан оңтүстікке қарай 365 шақырым жерде болған. Желдің ең қатты екпіні 17 балл (секундына 60 метр).

Синоптиктердің болжамына сәйкес, жылдамдығы сағатына 20 шақырым болатын "Лекима" солтүстік-батысқа қарай ығысады. Сенбінің таңына дейін Чжэцзян провинциясының жағалауына жетеді. Желдің ең қатты екпіні - 14-16 балл.

Тағы оқыңыз: Қытайды топан су басып жатыр – жантүршігерлік кадрлар

Бұдан соң тайфун біршама бәсеңдеп, солтүстікке қарай ығысады. Синоптиктер Қытайдың оңтүстік-шығыс ауданында жұма және сенбі күндері дауыл болып, нөсер жауады деп ескертіп отыр. Су тасқыны сынды апаттың болу қаупі бар.

Синоптиктер тіпті кемелердің теңізден оралып, тұрғындардың қауіпсіз жерде қалуы керектігін ескертті.

Тақырып бойынша

Қытайда мыңдаған адам үйлерін тастап қашуға мәжбүр болды
Жойқын дауыл Қытай мен Филиппиннің астаң-кестеңін шығарды: қорқынышты фотолар
Су шатырдан асты: тайфуннан көз жұмғандардың саны 85-ке жетті
Тайваньдағы "Меги" тайфунының мінезі: санметрлі толқындар және су басқан көшелер
"Меранти" күшті тайфуны Қытайдың шығысына жетті
Кілт сөздер:
тайфун, дабыл, Қытай
Загрузка...

Басты тақырып