23:01 08 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Архивтегі фото

Қыздың әкесі мен ағалары қос ғашықтың үстінен түсті: қайғылы оқиға болды

© AFP 2019 / HASSAN AMMAR
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
15273 0 0

Бойжеткен жігітін өз ауылына шақырады, екі ғашық түн ортасында оңаша кездескен

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Тәжікстанның жергілікті басылымы 23 жастағы жігіттің тағдыры туралы жазды, деп хабарлады CA-News.org сайты.

Аталған оқиға Тұрсынзаде қаласына жақын жерде болған. Батош ауылының тұрғыны – 23 жастағы Хусрав көрші ауылда тұратын Санам деген қызға ғашық болып қалған. Бір күні қыз оны түн ортасында өз ауылында кездесуге шақырады. Жігіт оған қуана келіседі. Сөйтіп, екі ғашық оңаша кездескен. Бірақ қыздың әкесі мен ағалары екеуінің үстінен түседі. Олар Хусравты алдымен аямай арматурамен ұрған. Одан кейін шұңқыр қазып, қызымызға үйленбесең, тірідей көміп тастаймыз деп қорқытады. Зәре-құты қашқан жігіт бірден келісімін берген.

Тағы оқыңыз: Өзбекстанда қос ғашық өздеріне қол салды

"Қыздың әкесі мен ағалары ондай "масқараға" шыдамай, жігіттің жазасын беруге шешім қабылдаған. Олар алдымен оны арматурамен ұрады. Сосын шұңқыр қазып, мойнына дейін көміп тастаған. Санамға үйленбесең, тірідей көміп тастаймыз дейді. Хусрав қорыққаннан өз келісімін берді. Алайда үйге барғаннан кейін ертесінде таңғы сағат 4-те әкесінің үйіндегі мал қорада асылып өлді", - деп жазды "Оила" газеті.

Тақырып бойынша

Әйелін тексермек болған жігіттің видеосын 33 млн адам көріп қойды
Қазақстандық жұлдызды жұптардың махаббат хикаясы - фото
Жарты жыл көңіл қосқан ғашықтар үйленер кезде туыс екендерін білді
Қос ғашықты тірідей өртеді: әйел өлер алдында шындықты айтып кетті    
Кілт сөздер:
қайғылы оқиға, ғашықтық
Загрузка...

Басты тақырып