Әлем

"13 жыл бойы кездесіп жүрген": танымал актер мен әнші отау құрды - фото

© PhotoСвадьба, кольца
Свадьба, кольца - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атақты Голливуд актері екі қызының анасымен некелесті

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз — Sputnik. Голливуд актері Дуэйн Джонсон (Dwayne "The Rock" Johnson) әнші Лорен Хашьянмен (Lauren Hashian) отау құрғанын мәлімдеп, үйлену тойының суреттерін жариялады. Бұл туралы Independent басылымы хабарлайды.

Дүйсенбі күні америкалық актер Instagram парақшасында Гавай аралында өткен үйлену тойының фотосын жариялапты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от therock (@therock)

Суретте жас жұбайлардың бақыттан жүздері бал-бұл жанып тұр.

Джонсон некелесу рәсіміне ақ шалбар мен ақ жейде киіп, мойнына дәстүрлі гавай алқасын тақса, әнші Лорен Хашьян көздің жауын алатын гүлдермен безендірілген қалыңдық көйлегін киіпті.

Тағы оқыңыз: Танымал қазақ режиссері үйленді - фото

Жұлдызды жұп 2006 жылы фильм түсірілімі кезінде танысып, содан бері көңіл қосқан. Дуэйн Джонсон мен Лорен Хашьянның екі қызы бар: үш жасар Жасмин мен бір жасар Тиана.

Жаңалықтар
0