06:33 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Гүл, майшам

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі қайтыс болды

© Sputnik / Сергей Ким
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
1736 0 0

Дэвид Кохтың табысы 50 миллиард доллардан асады деп бағаланған

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз — Sputnik. Кәсіпкер, миллиардер, әлемдегі ең бай адамдардың бірі Дэвид Кох 79 жасында қайтыс болды.

Американский предприниматель, миллиардер и один из самых богатых людей в мире Дэвид Кох
© AP Photo / Mark Lennihan
Кәсіпкер, миллиардер, әлемдегі ең бай адамдардың бірі Дэвид Кох

Белгілі бизнесменнің өлімі туралы ақпаратты New Yorker тілшісі Джейн Майер хабарлады, деп жазады РИА Новости.

"Дэвид Кох пен оның отбасына жақын адамдар кәсіпкердің қайтыс болғанын айтты", - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.

​Дэвид Кох 1940 жылы туған, аға-інілерімен бірге әкесінің Koch Industries фирмасында жұмыс істей бастады.

Forbes ақпаратына сәйкес, 2018 жылдың маусым айында оның 50 миллиард доллардан астам қаражаты болған. Ал Кох әлемдегі ең бай адамдар тізімінде он бірінші орында еді.

Bloomberg 2019 жылдың тамыз айында Чарльз бен Дэвид Кохтың байлығын 124,5 миллиард долларға жетеді деп бағалады.

Тақырып бойынша

"Орны толмас қайғы": белгілі актриса қайтыс болды
Аты аңызға айналған боксшы қайтыс болды
Назарбаевтың досы сөз сөйлеп тұрғанда қайтыс болды
Танымал ресейлік әнші қайтыс болды
"Ғалам аруы" 19 жасында қайтыс болды
Кілт сөздер:
адам, әлем
Загрузка...

Басты тақырып