11:35 21 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.37
  • EUR428.55
  • RUB6.06
Сирия, архивтегі сурет

Ресейлік әскерилер Сириядағы АҚШ шабуылының салдары туралы хабарлады

© Sputnik / Михаил Воскресенский
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
1056 0 0

Америкалық тарап содырлардың басқару пунктінің жойылғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек - Sputnik. АҚШ-тың санкцияланбаған шабуылы салдарынан Сирияның Идлиб провинциясында ондаған адам қаза болды, деп хабарлады Ресейдің Сирияның қақтығысушы тараптарын бітімге келтіру орталығы.

Орталық мәліметінше, 31 тамызда 15:00-де (Мәскеу уақыты бойынша) АҚШ Сирияның Идлиб провинциясындағы Маарет-Мисрин және Кафер-Хая елді мекендері арасында шабуыл жасаған. Бірақ олар бұл туралы ресейлік немесе түркиялық тарапты ескертпепті.

Ресей әкерилерінің мәліметіне сүйенсек, шабуыл жасалған елді мекендерде "қаншама адам қаза тауып, ғимараттар қирап қалды".

Тағы оқыңыз: Ресей Сирия үкіметінің Идлибтегі атысты тоқтату туралы шешімін құптады

"Америкалық тараптың мәлімдемесі бойынша, шабуыл "Сириядағы "Аль-Каида*" тобының басқару пунктін жойды". Америка Құрама Штаттары бұл әрекетімен Идлибтегі деэскалация аумағында қару-жарақ қолданбау режимінің сақталуына қауіп төндіріп, ал бірнеше бағыт бойынша кедергі жасап отыр", - деп хабарлайды РИА Новости Ресейдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Америкалық тарап мәлімдегендей, шабуыл кезінде АҚШ азаматтарына қауіп төндірген "Аль-Каида*" тобының басқару пункті жойылды.

*Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған террорлық ұйым

Бұған дейін Сирия әскері содырлардың қару-жарақ қолданбау режимін бұзуына байланысты Идлиб провинциясында террорлық топтарға қарсы әскери операцияны қолға алатынын хабарлаған еді. Қақтығыстың екі жағы да Ресей мен Түркия президенттерінің қатысуымен 2018 жылдың 17 қыркүйегінде Сочиде қол қойылған ахуалды реттеу туралы меморандумның бұзылғанына бір-бірін кінәлайды.

Тағы оқыңыз: Сириядағы соғыс аяқталды, террористермен күрес жалғасып жатыр - Лаврентьев

31 тамыздан бастап Сирия әскері Идлибтегі әскери қимылдарын тоқтатты.

Кілт сөздер:
АҚШ, Ресей, Сирия
Загрузка...

Басты тақырып