07:00 12 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.70
  • EUR428.70
  • RUB6.08
Гүл мен майшам, архивтегі сурет

Францияның экс-президенті Жак Ширак өмірден озды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
1479 0 0

Жак Рене Ширак 86 жасында қайтыс болды. Ол 1995-2007 жылдар аралығында Францияны басқарған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Францияның экс-президенті Жак Ширак 86 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Франс Пресс.

Жак Ширак президент лауазымына келген күннен бастап Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жақсы қарым-қатынаста болды. Екеуі екіжақты сапарлар мен халықаралық форумдар аясында жыл сайын кездесіп тұрды. Мәселен, 2008 жылы 11 маусымда Францияға жасаған сапары кезінде Назарбаев алдымен осы елдің экс-президенті Жак Ширакпен кездесуге барды.

Скончался экс-президент Франции Жак Ширак
© AP Photo / Thibault Camus
Жак Ширак 1995-2007 жылдар аралығында Францияның президенті болған

2005 жылы Жак Ширак арнайы телеграмма жіберіп, Нұрсұлтан Назарбаевты 65 жасқа толуымен құттықтаған болатын.

"Біздің хат алмасуымыз сіздің еліңіз бен ондағы реформалар төңірегінде өте ашық диалогқа жол ашты. Бұл өзара сенімнің дәлелі болса керек. Сол үшін сізге өз ризашылығымды білдіремін. Мен осы өзара пайдалы диалогтың ары қарай жалғасатынына үміттенемін. Қазақстанды саяси-әлеуметтік және экономикалық жаңғырту жолындағы ісіңізді Франция толығымен қолдайтын болады", - деп жазды Ширак.

Тағы оқыңыз: Назарбаевтың құдасы қайтыс болды

Жак Рене Ширак 1932 жылы дүниеге келді. 27 жасында саяси мансабын есеп комитетінің аудиторы қызметінен бастаған. Ауыл шаруашылығы министрі болды. Жискар д'Эстенның тұсында премьер-министр қызметіне тағайындалды. Екі жылдан кейін оны алмастырды. Алайда 1986 жылы ол тағы үкіметті басқаруға келді. Ал 1995-2007 жылдар аралығында Франция президенті болды.

Тақырып бойынша

"Біз үшін соңғы соғыс болуы мүмкін": Назарбаев қорқынышты болжам жасады
Назарбаев Путинге сыйлық жасады – фото
Назарбаев Қытайдың бастамасы туралы не ойлайтынын айтты
"Интернеттен қауіп көп": Назарбаев үкіметке тапсырма берді
Премьер-министр "Назарбаев старты" жобасымен танысты
Кілт сөздер:
Франция
Загрузка...

Басты тақырып