Әлем

Желідегілер қалыңдық тойға жалаңаш келді деп ойлап қалды – жұртты шулатқан фото

© Photo : СС0 / Free-PhotosНевеста
Невеста - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Суретте қыз қонақтардың ортасында бір қырымен тұр, бір қараған адамға қалыңдық бөксесін жалаңаштап тастаған секілді көрінеді

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Желі қолданушылары фотосуреттегі оптикалық елестің кесірінен қалыңдық той үстінде жалаңаштанды деп ойлап қалды. Бұл туралы The Sun жазды.

Суретте қыз қонақтардың ортасында бір қырымен тұр. Той көйлегінің белден төмен бөлігі жасырын тұр, бір қараған адамға қалыңдық бөксесін жалаңаштап тастаған секілді көрінеді.

Алайда егер мұқият қарасаңыз, бұл оптикалық елес екенін түсінесіз. Қалыңдықтың бер жағында иығын жалаңаштаған қонақтың тұрғанын байқау қиын емес, оның қолының денеге жабысып тұрған бөлігі алыстан бөксе секілді көрінеді.   

Фотосурет Imgur порталында жарияланды. Оны 100 мыңнан астам адам көріп, ондаған пікір қалдырған.  

Жаңалықтар
0