23:56 23 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.75
  • EUR434.26
  • RUB6.12
Үйлену тойы, архивтегі сурет

Қалыңдық сотқа берді: үйлену тойынан кейін күтпеген жағдай болды

© Photo: СС0 / Frank Winkler
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
3254 0 0

Таиланд тұрғыны наурыз айында 50 жастағы ер адаммен танысқан. Ол Гонконгтағы ірі компанияның бас директоры екенін айтыпты

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Таиландта өзінің бай екенін айтып, қымбат той жасаған күйеу жігіт жоғалып кетті. Қалыңдық қарызға батты, деп хабарлайды Bangkok Post.

Басылымның ақпаратына сәйкес, Да есімді 30 жастағы Таиланд тұрғыны наурыз айында 50 жастағы ер адаммен танысқан. Ол Гонконгтағы ірі компанияның бас директоры екенін айтқан. Бірден қызға ұсыныс жасапты.

Мамыр айында жұп үйлену тойын өткізді. Тойдан кейін күйеу жігіт шұғыл шаруамен Гонконгқа кететінін айтыпты. Сол кеткеннен оралмады.

Тағы оқыңыз: Қалыңдық гүлін қағып алған қыздың жігіті жұрттың ішек-сілесін қатырды – видео

Қалыңдықтың анасының айтуынша, тойға үш миллион бат (шамамен 38 млн теңге) жұмсалған. Алайда той ұйымдастырушылары 300 мың бат (үш миллион теңгеге жуық) қаражат жұмсалғанын айтты.

Алданған қалыңдыққа той өткен қонақүй қарызды бөліп төлеуді ұсынды. Ал той ұйымдастырушы сотқа берген. Жолы болмаған қалыңдық заңгерлердің көмегіне жүгініп, ажырасуға арыз берді.

Тақырып бойынша

Он бес жасында тұрмысқа шыққан ақтаулық қыз мән-жайды айтып берді – видео
Той қарсаңында қалыңдығынан айырылған жігіт жерлеу рәсімінде жұрттың жағасын ұстатты
Ақтау полициясы 15 жасында отау құрғандардың жағдайы не болатынын айтты
Төрт жас бақытты болсын: Жаңаөзенде ерекше той өтті – фото
Желідегілер қалыңдық тойға жалаңаш келді деп ойлап қалды – жұртты шулатқан фото
Кілт сөздер:
Таиланд, үйлену тойы, қалыңдық
Загрузка...

Басты тақырып