03:07 23 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD385.01
  • EUR425.78
  • RUB6.05
От, иллюстративті фото

Жеті жүзге жуық футбол жанкүйері мінген пойыз өртеніп кетті – видео

Sputnik
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
1048 0 0

Қалалық өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, өрт салдарынан үш адам зардап шеккен. Тілсіз жаудың себептері анықталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Берлин орталығында "Фрайбург" футбол клубының жанкүйерлері мінген пойыздан өрт шықты. Бұл туралы Berliner Morgenpost хабарлады.

Жанкүйерлерді тасымалдау үшін қала билігі арнайы пойыз бөлген. Теміржол көлігінде жеті жүзге жуық адам болыпты.

Берлиннің өрт сөндіру қызметі үш жанкүйердің зардап шеккенін хабарлады.

Төтенше жағдай болған "Бельвью"стансасына ондаған жедел жәрдем көлігі келді. Бұдан бөлек, бірнеше тікұшақ жағдайды көктен бақылады.

Белгілі болғандай, өрт пойыздың алдыңғы жағынан басталған. Құтқарушылар тілсіз жаудың себептерін анықтап жатыр.

Болжам бойынша, өртке техникалық ақау себеп болды. Куәгерлердің айтуынша, олар пойызға отыра бастағанда, біртүрлі иіс шығып тұрғанын сезген. Уақыт өте иіс одан әрі күшейген.

Загрузка...

Басты тақырып