02:50 22 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD386.44
  • EUR428.37
  • RUB6.06
Ұлттық бірыңғай тестілеу

Қорап кигізген: емтихан тапсырған студенттердің біртүрлі суреті желіде дау туғызды

© Sputnik / Владислав Воднев
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
1007 0 0

Әкімшінің айтуынша, студенттерді ешкім мәжбүрлеген жоқ, қорапты олар өзімен бірге әкелген. Көп ұзамай колледж басшылығы округ билігінен кешірім сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Үндістанда бастарына қорап киіп емтихан тапсырған студенттердің суреті желіде дау туғызды.

Сурет Карнатака штатында Хавери қаласындағы Бхагат даярлық колледжінде түсірілген. Химия пәнінен емтихан тапсырған студенттер басына картон қорап киіп алған. Студенттер емтихан жұмысын бір-бірінен көшірмес үшін, колледж басшылығы осындай қадамға барған.

Колледж әкімшісі округ билігінен бұл оқиға үшін кешірім сұрады. Мұндай әдіс басқа мектептерде қолданылғандықтан, колледж сынақ ретінде байқап көрмек болған, деп хабарлайды Times of India.

Әкімшінің айтуынша, студенттерді ешкім мәжбүрлеген жоқ, қорапты олар өзімен бірге әкелген.

"Студенттердің бәрі бірдей қорап киген жоқ. Оны суреттен де көруге болады.  Кейбірі 15 минуттан кейін, енді бірі біздің ұсынысымызбен бір сағаттан шешіп тастады",- деді әкімші.

Тағы оқыңыз: Білім министрі магистратураға тапсырғандардың қулық-сұмдығын жайып салды

Жергілікті білім мекемесінің өкілдері желіде тараған суреттен кейін, колледжге барып, басшылыққа қатаң ескерту жасады.

Загрузка...

Басты тақырып