00:47 07 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Адам бойымен бірдей модель қуыршақтың есімі - Эмма

Ұзақ отыру зиян: ғалым болашақ кеңсе қызметкерінің кейпін көрсетті - видео

© Photo: PA/Metro
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
258 0 0

Миллиондаған кеңсе қызметкері денсаулығын үлкен қауіп-қатерге тігеді, тіпті адамның омыртқасы қатты қисаюы да мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Адамның мінез-құлқын зерттеумен айланысатын сарапшы - бихевиорист Уильям Хайэм (William Higham) 20 жыл бойы кеңседе жұмыс істеген болашақ әйелдің моделін жасады, деп хабарлайды Metro басылымы.

"Болашақта кеңсе қызметкерлері түрлі ауруға шалдығуы мүмкін", - дейді жоба авторы.

Ол адам бойымен бірдей модель қуыршақты "Эмма" деп атады.

Сарапшының туындысына қарасақ, қарапайым кеңсе жұмысының құрбанына айналған "Эмма" қорқынышты көрінеді.

Оның арқасы мен мойыны қатты қисайып, басы мен іші салбыраған, денесі ісініп, тамырлары варикозға шалдыққан. Монитордың алдында көп отырғандықтан көздері қызарып, жасанды жарықтан терісі солып, құрғаған. Бұған қоса, күйзелістен экзема пайда болып, нашар ауадан мұрны мен құлақтарында жүн өсіп кеткен.

Сауалнамаға сәйкес, кеңсе қызметкерлерінің 50%-і көздерінің түйіліп ауыратынын айтса, 49%-і арқа, ал 48%-і бас ауруларына шағымданған.

Тағы оқыңыз: Тәтті және газдалған сусын қандай ауруға шалдықтырады – дәрігер жауабы

Ульям Хайэм "Болашақ әріптесім" баяндамасын жазып, онда мүсінді сымбатты ету жолдарын айтқан. Бұған қоса, жұмыс арасында серуендеуге және отыратын орнын ыңғайлы етіп жасауға кеңес берген.

Ал ұзақ отырып жұмыс істейтін адамдар варикоз ауруының алдын алу үшін сағат сайын жаяу жүріп, аяқтарын айқастырып отырмауы тиіс. Сондай-ақ, денесін тік ұстауы қажет.

Дәрігерлердің мәліметінше, мұрын мен құлақта жүннің көп өсуі ағзаның ауадағы зиянды заттардан қорғану талпынысы саналады екен.

Тақырып бойынша

Өмірді ұзартып, қартаюды баяулатады – ғалымдар ерекше жемісті атады
Дәрігер адамды өлтіретін азық-түлікті атады
"Күйеуің құрбыларыңды жақтырмаса..." Ғалымдар зерттеу жүргізіп, қорытынды жасады
Дәрігерлер рактан да қауіпті бес ауруды атады
Әйелдерге қандай ер адамдар ұнайды – ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады
Ғалымдар ақырын аяңдап жүрудің қандай қаупі барын анықтап берді
Кілт сөздер:
видео
Загрузка...

Басты тақырып