19:03 05 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD443.50
  • EUR479.47
  • RUB5.79
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
886002

40-қа тарта адам мұздатқыш камерада қамалып отырған, оның ішіндегі ауа температурасы минус 25 градусқа жеткен

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Ұлыбританияның Эссекс графтығында полиция жүк көлігінен табылған 39 адамдардың суретін жариялады.

Көлікте қаза болғандардың арасында Вьетнамның 26 жастағы тұрғыны Фам Тхи Тра Май да болуы мүмкін. Трагедия күні ол туыстарына жантүршігерлік хат жіберген, деп хабарлайды Daily Mail.

Фам Тхи Тра Май отправилась в Великобританию в поисках лучшей жизни
© Photo : Daily Mail
Вьетнамның 26 жастағы тұрғыны Фам Тхи Тра Май

"Анашым, кешір, менің шетелге сапарым сәтті болмады. Сені және әкемді қатты жақсы көремін. Мен өлейін деп жатырмын. Өйткені дем алу мүмкін емес ", - деп жазды бойжеткен ата-анасына.

Қыздың туыстарының айтуынша, Ұлыбританияға бару үшін ол 30 мың фунт стерлинг (15 миллион теңге) төлеген.

Алдын ала болжамға сәйкес, көлікте Вьетнамның тағы бір азаматы - 20 жастағы Нгуен Динь Луонг болған.

20-летний гражданин Вьетнама Нгуен Динь Луонг, погибший в грузовике
© Photo : Daily Mail
20 жастағы Нгуен Динь Луонг те жүк көлігінде болған

Жігіттің туыстары да одан жантүршігерлік хабарлама алған.

Еске сала кетсек, жергілікті құқық қорғау органдарының мәліметінше, 39 адам ауа температурасы минус 25 градусқа жеткен мұздатқыш камераға қамалып отырған, оның ішінде кәмелетке толмаған бір бала болған.

Тағы оқыңыз: Жүк көлігінен табылған 39 адамның неден өлгені анықталды

Басылым атап өткендей, контейнердегі адамдар айқайлап, көмек сұраған болуы мүмкін. Дегенмен тоңазытқыш қабырғаларының қалыңдығына байланысты олардың айқайы естілмеген болса керек.

25 жастағы фураның жүргізушісі кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды. Полицияның мәліметінше, жігіт Солтүстік Ирландияның тумасы.

Тақырып бойынша

Жүк көлігінен табылған 39 адамның неден өлгені анықталды
"Өлтіремін дейді": Күйеуі өртеген әйелдің анасы трагедияға не себеп болғанын айтты
Есігін аша алмаған: мұздатқышқа кіріп ойнаған үш баланың мәйіті табылды
Басын кесіп тастаған: Риддерде жас қыз жантүршігерлік қылмыс жасады
Үш ер адам мәйітті ауруханаға жеткізіп, қашып кетті – оқиғаның мән-жайы
Кілт сөздер:
адам, жүк көлігі, ана
Загрузка...

Басты тақырып