21:46 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Ақша, архивтегі сурет

Ерекше байқау жарияланды – жеңімпаз 8 млн теңгедей алады

© Sputnik / Абзал Калиев.
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
388040

Ереже қатал. Олардың кем дегенде біреуін бұзған қатысушы ақшалай сыйлықтан құр қалады. Бұдан бөлек, 40 парақшадан тұратын келісімге қол қою керек

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан — Sputnik. Әлемдегі ең қорқынышты квесттің авторы Расс Маккейми ерекше байқау жариялады. Ол квесттен өткен адамға 20 мың доллар (8 миллион теңгеге жуық) төлеуге әзір, деп хабарлайды РИА Новости.

АҚШ-тың Теннеси штатындағы экстремалды аттракцион иесі үйде әлі бірде-бір адам кем дегенде бір түн өткізе алмағанын айтады.

Квест тақырыбына сәйкес экстримді ұнататындар өрмекші, елес және түрлі құбыжықтармен кездесуі мүмкін. Шынайы болғаны соншалық адамдар үйден қашып шығады екен.

Тағы оқыңыз: Баланың төсегіндегі "елес" әйелдің зәресін ұшырды – фото

Байқауға қатысушының жасы 21-ден асуы тиіс. 40 парақшада жазылған келісімге қол қою керек. Сондай-ақ, психиатр мен нарколог маман анықтамасы қажет. Бұдан бөлек видео сынақ жасалады.

Бастысы, ойын кезінде айғайлауға, боқауыз сөз айтуға, тығылуға, заттар мен актерлерді ұстауға болмайды. Бұл ереженің біреуі бұзылса, қатысушы ақшалай сыйлықтан қағылады.

Тақырып бойынша

"Жаны жай таппаған": астанада зират үстіндегі үйлерді елес кезіп жүргені рас па?
Қыз үйіндегі бақылау камераға түсірілген видеоны көріп жан ұшыра айғайлады
Әйелін жерлеу рәсімі кезінде күйеуі адам сенгісіз жайтты байқап қалды
"Аяғынан тартқылады": сәбидің бөлмесінде түсірілген видео ата-анасының зәре-құтын қашырды
Видеоға түсіп қалған елес музей қызметкерлерінің зәресін алды
Кілт сөздер:
теңге, жеңімпаздар, байқау
Загрузка...

Басты тақырып