13:45 13 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.63
  • EUR427.98
  • RUB6.08
Науқас, архивтегі сурет

Әл үстінде жатқан науқас күтпеген қадамға барды

© Sputnik / Алексей Сухоруков
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
3703 0 0

33 жастағы ер адам шілде айында өзін жайсыз сезінген. Қыркүйекте өзінің айықпас дертке шалдыққанын білді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Ұлыбританияның Нортгемптон қаласында әл үстінде жатқан науқас ауруханада үйлену тойын жасады, деп жазады Daily Mail басылымы.

Шілде айында 33 жастағы Гэри Смарттың денсаулығының сыр бере бастаған. Оның кеуде қуысы ауыра бастапты. Дұрыс ұйықтай алмай, жүдеп кеткен. Қыркүйек айының соңында дәрігерлер оған өкпе қатерлі ісігінің асқынған түрі деген диагноз қойған. Мамандар оның өмір сүруіне бірнеше күн қалғанын айтыпты.

Осыдан соң, Гэри Смарт бұл өмірден неке қимай кеткісі келмейтінін айтқан. Сондықтан айықпас дертке шалдыққан науқастың үйлену тойы ауруханада өтіпті. Оның жанында туыстары мен жақындары болған. Шіркеу қызметкері Гэри мен 31 жастағы Лаураның некесін қиған.

Тағы оқыңыз: Үйлену тойында болған сұмдық жағдай видеоға түсіп қалды

"Ол маған үйлену антын беріп, саусағыма жүзік тақты. Сосын екеуміз бірге фильм көрдік. Ол көліктерге қатты қызығатын", - дейді Лаура.

Сегіз сағаттан соң, Гэри Смарт қайтыс болды.

Тақырып бойынша

Ешкім күтпеген: жас жұбайлардың үйлену тойы трагедиямен аяқталды – фото
Біреуінің халі нашар: Алматы облысында үйлену тойы пышақтасумен аяқталды
Үйлену тойына келген жігіт сүйіктісін көріп шошыды – фото
Рудный тұрғыны үйлену тойынан кейін күйеу баласын өлтірді
Қалыңдық сотқа берді: үйлену тойынан кейін күтпеген жағдай болды
Кілт сөздер:
науқас
Загрузка...

Басты тақырып