Әлем

Мектептен қайтып келе жатқан екі оқушыны жер "жұтып қойды"

© Sputnik / Ирина АдамоваМектепке бара жатқан оқушылар
Мектепке бара жатқан оқушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Досының сөмкесі шалшық судың бетінде қалқып жатқанын байқаған Дэвис дереу көмекке ұмтылған, алайда құбыр оны да тартып әкетті

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Англияның Линкольншир графтығында мектептен үйге бара жатқан екі жасөспірімді құбыр тартып әкетті.

12 жастағы Юан Боттомли досы Люк Дэвиспен бірге сабақтан шығып, үйіне келе жатқан. Кенеттен оқушының аяғы тайып, терең шалшыққа құлап түседі. Баланы су түбінен өтетін құбыр тартып әкеткен, деп хабарлайды Mirror.

Досының сөмкесі шалшық судың бетінде қалқып жатқанын байқаған Дэвис дереу көмекке ұмтылған. Алайда, ол да су астына кетті. Бірнеше секундтан кейін су ағысы екі жасөспірімді құбырдың екінші жағынан шығарды.

Тағы оқыңыз: Ақтауда жол талғамайтын көлік жер астына түсіп кетті – жаға ұстатар видео

"Егер де мен ағаш бұтағына ілігіп қалғанымда, суға батып кетер едім. Есеңгіреп қалғаным соншалық, жылауға да шамам келмеді", - дейді Боттомли.

Екі оқушы да аман-сау үйлеріне оралды. Жасөспірімдер оқыс оқиға кезінде өлімге дайындалғанын мойындады.

Жаңалықтар
0