08:08 09 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Танк

АҚШ пен Түркия әскери кешен мәселесін шешпек

© Sputnik / Алексей Куденко
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
47 0 0

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған С-400 кешендерін Түркияға жеткізу мәселесін шешуге ниетті

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша – Sputnik. Америка көшбасшысы үшін бұл бірнеше себептен маңызды боп келеді, деді Sputnik радиосының эфирінде әскери саясаттанушы Андрей Кошкин.

Түркияның ресейлік С-400 кешендерін сатып алуы Вашингтон мен Анкара қарым-қатынасына сын-қатер туындатып отыр, деп мәлімдеді АҚШ лидері Дональд Трамп Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен бірлескен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда, мемлекет басшылары аталған келісімшартпен байланысты мәселелерді талқылап, шешуге ниетті екендерін жеткізді.

"Біз бұны тұрақты түрде талқылаймыз. Бүгін де айттық, болашақта да сөз етеміз", - деп РИА Новости Трамптың сөзін келтірді.

Америка Құрама Штаттары президентінің айтуынша, ол өзі және Эрдоған екі елдің сыртқы саяси ведомство басшылары мен ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілерді С-400 кешендері проблемаларын шешу бойынша жұмысты бірден бастауды сұраған.

Әскери саясаттанушы Андрей Кошкин Sputnik радиосының эфирінде "Түркияның ресейлік С-400 кешендерін сатып алуы – АҚШ үшін үлкен сын-қатер" деді.

"Түркияның С-400 кешендерін сатып алу АҚШ үшін әрине үлкен сын-қатер. Түркия - Солтүстік Атлант альянсындағы екінші әскер. Ал АҚШ-пен әріптестік орнатқысы келмеу, бағынбау Америка Құрама Штаттарының әлемдегі үстемдігіне күмәндануға негіз болады. Сондықтан Дональд Трамп барлық әдіс-тәсілді қолданады.

Ең алдымен, санкциялармен қорқыту қаупі - олар нәтиже бермеді. Енді ол өзгере қалып, Эрдоғанмен келісуге тырысып жатыр. Сол себептен Трамп түрлі қызығарлық келісімдер ұсынуда. Ол алдағы сайлауды да ойлайды. АҚШ президенті үшін Түркиямен қарым - қатынастың Америка өзі құрып жатқан сыртқы саясат форматында реттелгені маңызды", - деді Андрей Кошкин.

Су жаңа ресейлік С-400 жүйелерін жеткізуге келісімшарт Анкара мен Вашингтон қарым-қатынасын дағдарысқа әкелді. Америка Құрама Штаттары Түркиядан келісімнен бас тартуды және оның орнына америкалық Patriot кешендерін сатып алуды талап етті. АҚШ Анкараға F-35 жойғыш ұшақтарын сатудан бас тартамыз деп қорқытты. Сондай-ақ, түрлі санкциялар енгіземіз деді. Дегенмен Түркия ештеңеге келіспеді.

Тақырып бойынша

"Дағдарыс болуы мүмкін": Назарбаев неге алаңдап жүргенін айтты
Сириядағы жағдай: мүдделі елдер қандай келісімге келіп жатыр
НАТО: ұйымның болашағы бар ма?
Қарусыздану саласындағы әлемдік келісімдерді бұзу кімге керек?
Кілт сөздер:
Ресей, Түркия, АҚШ
Загрузка...

Басты тақырып