08:11 09 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Тапаншадан атылған оқ

Танымал әлем чемпионын үйінің алдында атып кетті

© AP Photo / Rogelio V. Solis
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
9046 0 0

Құқық қорғау органдары бірнеше болжамды қарастырып отыр. Адвокат белгілі спортшы тапсырыспен өлтірілген деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Мәскеуде тай боксынан үш дүркін әлем чемпионы, Армения азаматы Ашот Болянды белгісіз біреу атып кетті.

Қылмыс 13 қараша кешке тұрғын үйдің маңында жасалған. Белгісіз біреу 40 жастағы әлем чемпионына оқ атқан, ауыр жарақаттан спортшы оқиға орнында көз жұмды, деп мәлімдеді РФ тергеу комитеті. РФ қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-тармағы (адам өлтіру) және 222-бабы 1-тармағы (Заңсыз қару-жарақ айналымы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Тергеу бірнеше болжамды қарастырып отыр. Соның бірі кәсіпкерлік қызметпен байланысты", - деп хабарлайды РИА Новости.

Mash телеграм-каналы Ашот Болянды басынан көздеп атқанын жазды. Киллер спортшыны бірнеше сағат бойы үйінің алдында күткен. Криминалистер чемпионға бірнеше рет оқ тигенін анықтады.

Ашот Болянды не үшін өлтірді?

Адвокат Карен Нерсисян чемпионның тапсырыспен өлтірілгенін айтып отыр.

Тағы оқыңыз: Бизнесменнің бүкіл отбасын қырып салған: Алматыдағы адам шошырлық қылмыстың мән-жайы

"Ол өз ортасына сыйлы, спортшы болғанын білемін. Қылмыс әлеміне қатысы жоқ еді. Сол себепті мүлде түсініксіз болып отыр. Мұның тапсырыс екені даусыз", - деді заңгер "Звезда" порталына берген сұқбатында.

Нерсисян Болянды "жөні түзу, патриот адам" деп атады. Сондай-ақ, чемпионның кәсіпкерлікпен айналыспағанын мәлімдеді.

Тақырып бойынша

Боксшы нокауттан кейін комаға түсті – видео
Боксшы жойқын нокауттан кейін көз жұмды – видео
Әлемге әйгілі боксшы қаза болды
Аты аңызға айналған боксшы қайтыс болды
Кілт сөздер:
қылмыс, әлем чемпионы, бокс
Загрузка...

Басты тақырып