14:07 16 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Қалыңдық, архивтегі фото

Үйлену тойынан кейін "күйеу жігіттің" қулық-сұмдығы әшкере болды

© Sputnik / Владимир Вяткин
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
23257 0 0

Ер адам өз бизнесін ашу үшін өтірік той өткізіп, қонақтар мен туыстарын ғана емес, "қалыңдықты" да сан соқтырған  

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Қытай тұрғыны сыйлыққа берілетін ақшаны өз кәсібін ашуға пайдалану үшін жалған үйлену тойын ұйымдастырды. Оқиға Гуйчжоу провинциясында болған, деп хабарлады AsiaOne басылымы.

"Үйлену тойын" өткізу үшін ол дос жалдау агенттігінің қызметін пайдаланған. Қалыңдықтың рөлін осы компанияның қызметкері Сяо Ли сомдады. Ол 22-28 тамыз аралығында "күйеу жігіттің" жанында болуға келіскен. Жігіт оған әр жұмыс күні үшін 521 юань (шамамен 28 мың теңге) беремін деп уәде еткен.   

Тағы оқыңыз: Тойда күйеуін қызғанған әйелдің әрекеті жұрттың ішек-сілесін қатырды – видео 

Қонақтар "жас жұбайларға" 60 мың юань (шамамен 3,3 миллион теңге) сыйлық жасаған.

Үйлену тойынан кейін "жас жұбайлар" тағы бірнеше күн провинцияны аралапты. Ал "қалыңдықтың" жалдау ақысын төлейтін уақыт келгенде, қытайлық көк тиын төлемей, із-түзсіз жоғалған. Ол қызды әлеуметтік желілерде бұғаттап, оның қоңырауларына жауап бермейтін көрінеді.

Жәбірленуші заңгерлерден көмек сұрады. Дегенмен олар жазбаша келісім жасамағандықтан, қыздың қолайсыз жағдайға тап болғанын айтып отыр.

Тақырып бойынша

Рудный тұрғыны үйлену тойынан кейін күйеу баласын өлтірді
Төрт жас бақытты болсын: Жаңаөзенде ерекше той өтті – фото
Желідегілер қалыңдық тойға жалаңаш келді деп ойлап қалды – жұртты шулатқан фото
Үйлену тойында болған сұмдық жағдай видеоға түсіп қалды
"Тойдың тең жартысы керек емес": Мамандар қазақша "понтты" сынап тастады
Кілт сөздер:
алаяқ, үйлену тойы
Загрузка...

Басты тақырып